Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенімді өсім: Bank RBK депозиттер көлемінің артуы бойынша көш бастады

2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша қазақстандық банктердегі депозит салымдары – 47,2 триллион теңге, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 0,1% (33,4 миллиард теңгеге) азырақ. Ұлттық банк дерегі бойынша, депозиттері бар алғашқы он банктің ішінде тек төрт екінші деңгейлі банк оң өсім көрсетті.

Bank RBK ай сайын депозиттердің өсуі бойынша елдегі ең ірі банктер арасында көш бастап тұр: салымдар 6,3% (114,1 миллиард теңгеге) өсіп, 1,9 триллион теңгеге жетті. Қаржы институты халықтың да, бизнестің де сеніміне ие және екі клиент санатына да танымал өнімдерді ұсынады. Халыққа арналған жетекші өнімдерінің бірі – Safe жинақ депозиті. Бұл салымның артықшылығы – табыстылығы жоғары, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 10%-дан 19,1%-ға дейін (ЖТСМ 10%-дан 20%-ға дейін). Сонымен қатар бұл депозитті ашқан кезде премиум деңгейдегі дебеттік картаны тегін рәсімдеуге болады және ол картаға бүкіл мерзім бойы қызмет көрсету үшін комиссия алынбайды.

Сонымен қатар Bank RBK премиум карталарының иелері нарықта баламасы жоқ бірегей адалдық бағдарламасына қол жеткізе алады. Бұл бағдарлама бойынша 8% мөлшерінде кешбэк есептеледі, бұл – отандық нарықтағы ең жоғары кешбэк деңгейлерінің бірі.

рбк
Фото: Ranking.kz

Bank RBK корпоративтік депозиттердің өсуі бойынша екінші деңгейлі банктердің арасында алда тұр: бір айда 13,1% (130,6 млрд теңгеге) өсіп, 1,1 триллион теңгеге жетті. Бұл өсім – бизнестің банкке деген сенімінің көрсеткіші. Екінші деңгейлі банктердегі депозиттердің негізгі бөлігін халық қалыптастырып отырған кезеңде бизнес сегментіндегі мұндай жоғары көрсеткіштің маңызы зор. Жалпы Bank RBK өз жұмысында бизнесті, әсіресе шағын және орта бизнесті (ШОБ) жан-жақты қолдауға бағытталған.

Bank RBK-дан басқа, екінші деңгейлі банктердің үздік ондығының ішінде тек корпоративтік банкингке мамандандырылған америкалық еншілес компания Citibank Kazakhstan оң нәтиже көрсетті: 2% өсіп, 904,2 млрд теңгеге жетті.

Жалпы алғанда, Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріндегі бизнес депозиттерінің жалпы көлемі 1,6% (310 млрд теңгеге) төмендеп, 19 триллион теңгеге жетті.

Корпоративтік депозиттер екінші деңгейлі банктердің жалпы портфелінің 40,2%-ына тең, бұл 2026 жылдың 1 ақпанындағы 40,8%-дан, бір жыл бұрынғы 41,7%-дан, бес жыл бұрынғы 48,7%-дан және он жыл бұрынғы 55,5%-дан төмендеген.

RBK
Фото: Ranking.kz

ҚНРДА берген 05.04.2021ж № 1.2.100/245/41 лицензия

STAN.KZ
Бейсенбі, 23 Сәуір, 2026 10:34