Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян шегуге салынған тыйым қайта қаралмақ
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде кальян шегуге толық тыйымды қайта қарау талқыланып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, елімізде қоғамдық орындарда кальян шегу әлі де жалғасып отыр.
"Бүгінгі тәжірибе кальян әлі де шегілетінін көрсетіп отыр, ал түтінсіз орта қағидалары сақталмайды. Яғни балалар мен келушілердің бар-жоғына қарамастан шегу жағдайлары кездеседі. Сондықтан тиісті ұсыныстар жасалды. Қазір үкімет оларды қарастырып жатыр. Әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Бұл – халықаралық тәжірибе. Егер кейбір нормалар жұмыс істемесе немесе жеткіліксіз жұмыс істесе, олар қайта қаралады. Жалпы, оны талдап шығатын уақыт келді", – деді Әлназарова.

Еске салайық, 2020 жылдың тамызынан бастап қоғамдық орындарда кальян шегуге толық тыйым салынған. Оны үйде ғана шегуге болады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен