Футбол жұлдызы Неймар қазақстандық киберспортшымен кездесті
Molodoy лақап атымен танымал қазақстандық киберспортшы Даниил Голубенко Бразилия футбол құрамасының жұлдызды шабуылшысы Неймармен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Семейлік жігіт ақыры Неймармен кездесті. Әлемдік футбол жұлдызы бұған дейін қазақстандық жігітпен Instagram-да біраз уақыт жылы сөйлесіп, тіпті суретін желідегі парақшасына салып, араласқан. Данил кейін өз парақшасына Неймармен бірге түскен суретін жариялады.
Еске салайық, қазақстандық Данил "molodoy" Голубенко HLTV Awards беделді марапатында Counter-Strike 2 бойынша 2025 жылдың "Үздік жаңа ойыншысы" атанды. Ол бразилиялық FURIA Esports командасында ойнайды және біртіндеп әлемдегі ең танымал киберспортшылардың біріне айналып келеді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады
