"Сендерге кім рұқсат берді?" Ақын Шөмішбай Сариевтің жұбайы Қайрат Нұртас пен Ерке Есмаханның авторлық құқықты бұзғанын айтты
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын әрі аудармашы Шөмішбай Сариевтің жұбайы қазақ эстрадасының өкілдеріне қатты ренжулі. Жұмагүл Сариеваның айтуынша, бүгінде атақты әншілердің көбісі ақынның сөзіне жазылған әндерді рұқсатсыз орындап жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат порталы.

Авторлық құқықты бұзған өнер жұлдыздарының көшін Қайрат Нұртас бастап тұр. Танымал хитмен осыдан бірнеше жыл бұрын мәтінін Шөмішбай ақын жазған "Мазала" әнін еш ескертусіз өз репертуарына қосып алған көрінеді.
"Қайрат Нұртас "Мазала" деген әнге клип түсірген екен. Сол клиптің тұсаукесері болған. Бірақ біз білмейміз, біреу арқылы естідік. Қайраттың өзімен сөйлеспейсің ғой, анасына хабарласып: "Ей, сендер неге Шөмішбай ағаңды ұмытасыңдар? Әнді шығарасыңдар, клип түсіресіңдер, бізге ештеңе айтпайсыңдар" дедім. "Ой, апай, біз көп қарызданып жатыр едік" деді де Гүлзира, ақшасын бірден берді. Рұқсатсыз орындаған. Мен заңды білемін ғой", – дейді Шөмішбай Сариевтің жұбайы.
Танымал ақынның сөзіне жазылған әндерді рұқсатсыз орындағандардың тізімінде Ерке Есмахан да бар екен.
"Ерке Есмахан да бір әнді рұқсатсыз орындады. Мен бәрінің де продюсерін тауып аламын. "Сендер айтып жатыр екенсіңдер, музыкалық арнаға қойыпсыңдар. Сендер неге рұқсатсыз айтасыңдар?" деп едім, "Апай, кешіріңіз" деді. Содан кейін кейбір сөздерді өзгертіп айтады екен. "Олай өзгертуге болмайды, автордан рұқсат алу керек" дедім. Сөйтіп Ерке Есмаханнан 2 мың доллар алдым. Өзін көрген емеспін, продюсерлерімен жұмыс істеймін ғой", – дейді ақынның әйелі.
Сондай-ақ Жұмагүл Сариеваның ашуына тиіп, авторлық құқыққа қол сұққандардың қатарында "Жігіттер" тобы, Жігер Ауыпбаев, Ақбота-Нұр Сейітмағамбет және Диана Шарапова сияқты шоу-бизнес жұлдыздары да бар.
Видео сұхбаттың толық нұсқасын Stan.kz Youtube арнасынан көріңіз.
"Аппақ дәлізбен жүріп өтіп, жындарды көрдім": Жүрегін ауыстырған қазақстандық клиникалық өлім мен тылсым құбылыс туралы айтты
Калия: "Дәрігерлер ата-анама “жаназаға дайындала беріңдер, тек бір аптадай өмірі қалды” деген"
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған