Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенаторлар университеттердегі реформаны сынға алды

Сенатор зерттеу университеттеріндегі реформаны сынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазір біз өзіміздің ғылыми жобаларымызға шетелдік ғалымдарды тарта алмағандықтан, шетелдік технологиялардың трансфертін қамтамасыз еталмай отырмыз. Себебі біздің серіктестеріміз 3 жыл мерзімде ауыл шаруашылығында маңызды ғылыми нәтижелерге қол жеткізудің мүмкін еместігін түсінеді. Демек, аграрлық ғалымдарымызды біз өзіміз тығырыққа тіреп отырмыз. Әрине, осыдан кейін өндірістің сұранысын өтей алмайтын, «шикі» ғылыми жобалар пайда болады", - деп атап өтті депутат.

Сенатор қазақстандық ғылымның даму проблемалары туралы айта келіп, 2020 жылғы жаһандық инновациялық индексте біздің еліміз Ресей, Беларусь, Армения және Монғолиядан артта қалып, 77-орынға ие болғанын еске салды. Ал 2019 жылы Қазақстанда инновациялық өнім көлемі елдің ЖІӨ-нің 1,6% - ын құрады. Салыстыра қарағанда Ресейде бұл көрсеткіш 8 есе, ал технологиялық дамыған елдерде 20-30 есе жоғары.

Ақылбек Күрішбаевтың пікірінше, көптеген реформаларға қарамастан, елімізде ғылым мен жоғары білім беруде жүйелі өзгерістер жүргізілген жоқ. Сенатор Қазақстан әлі күнге дейін әлемдік ғылыми және білім беру кеңістігіне ықпалдаса алмады деп санайды.

"Бізде құрылған бірнеше ғылыми-зерттеу университеттерінің жұмыс істеу мазмұны емес, тек маңдайшасындағы жазуы өзгерді. Ал салалық министрліктер тіпті басқа жолмен жүр. Олар өздеріне бағынышты университеттердің ғылыми әлеуетін нығайтудың орнына, олардың үстінен неше түрлі әкімшілік құрылымдарды ойлап табуда. Мұндай жүйе ешбір дамыған елде жоқ", - деді сенатор.

Ол ғылымды дамыту және сапалы ғылыми әлеуетті қалыптастырудағы маңызды міндеттерді шешу үшін білім және ғылым министрлігіне назар аударуды сұрады.

Талқылау