Сенат төрағасының жаңа орынбасары сайланды
Нұрлан Әбдіров Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы төрағасының орынбасары болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрлан Әбдіровті сенат спикері Мәулен Әшімбаев ұсынды. Депутаттар кандидатураға дауыс берді.
Бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы парламент сенатының депутаты болып тағайындалған.
Сондай-ақ, президент жарлығымен сенат депутаты Бектас Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды деп хабарланды. Ол сенат төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды