Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сен түгілі Қайрат Нұртасқа ән бермеймін" деді": Блогер Сабина Мовлаева Kalifarniya-ға ренішін жеткізді

Танымал блогер, актриса Сабина Мовлаева шығармашылығынан сыр шертіп, Kalifarniya-мен бір сыныпта оқығанын айтты. Бұл туралы ол “Өзіміз ғой” бағдарламасында айтып берді.

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Желі жұлдызы сыныптасы танымал бола бастағанда көмек сұрап барған. 

“Фархаттың “Қар” әні хит болып жатқанда Ақтөбедегі ойын-сауық орталығына шақырдым. Біз бір мектепте оқыған сыныптаспыз. Енді-енді атақты болып келе жатқанда бір-бірімізге көмектесейік дедім. Шынымды айтсам, өзім де бала күнімнен танымал болуды армандадым. Сахнаға шығып, ән айтқанды жақсы көрдім. Ол менен асқан танымал болғасын, көмектесуін өтіндім. “Сен түгілі Қайрат Нұртасқа ән бермеймін” деп айтып қалды. Жүрегіме қатты тиді. Содан кейін шегініп қалдым. Блогерлікті де жақсы көремін, бірақ ән айту арманым еді”, – деп жан сырын ақтарды блогер. 



Сонымен қатар желі жұлдызы сыртқы образына қатысты да түсіндіріп, не себепті ашық киімге құмар екенін айтты. 

“Менің бір-ақ кемшілігім бар – ашық киінемін. Сол үшін де халық мені жақтырмайды. Күні кеше ғана тойға барып едім, бір танымал әншінің әйелі құрбыма: “Сабина өмірде жақсы қыз екен ғой, ол туралы өсектер өтірік болған ба?” деп жазып жіберіпті. Түрім де келісті, дене бітімім де керемет. Бәрін жарастырып, талғаммен киінемін. Ашық-шашық киінсең болды, сен бұзылған қызсың. Халық та солай ойлайды. Осы орайда ата-анам мені қолдайды. Олар маған сенеді. Мен де текті жерден шыққан қыз болғандықтан, ұятты нәрселерді білемін. Тек мен еркемін. Өте ерке әрі еркін өскенмін”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 

Еске салайық, блогер ару актер Айдар Асқарбекпен қол ұстасып, желіні шулатқан еді. 

Талқылау