Семейдегі төтенше жағдай: Әкім қала көшелерін жаңбыр суынан тазартып жүр
Семей әкімдігі сол жағалаудағы айналма жол жаңбыр суынан толықтай тазартылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Коммуналдық қызметтер тек айналма жолда ғана емес, сонымен қатар қаланың басқа бөліктерін де судан тазартып жатыр. Сондай-ақ Қарағайлы ауданы, Шығыс кенті, Қабанбай батыр, Селевина көшелерінде жаңбыр суын сору жалғасып жатыр.
Abai News Telegram-арнасында Семей әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың оқиға орнында жүрген видеосы жарияланды. Алты секундтық бейнежазбадан қала әкімінің су басқан көшені жаңбыр суынан тазарту жұмыстарына ат салысып жүргенін көруге болады.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда