Семейдегі қазандықтардан қара түтін шығып жатыр: Мамандар себебін атады
Семейліктер жылу беру маусымы басталғалы әлеуметтік желіде қазандықтардан шыққан қара түтін мен күл түйіршіктерінің видеосын жариялауда. Арнайы мамандар түтіннің не себепті шығып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ең көп түтін қаланың орталық бөлігіндегі жылу қазандықтарынан шығуда. Тұрғындар мұның қоршаған ортаға және адам денсаулығына келтіретін зиянына алаңдаулы.
Қазандықтың арнайы сүзгілерсіз жұмыс істейтіні белгілі болды.
"ГКП" "Теплокоммунэнерго" шығарындылардың себебі қазандықты түтін газын тазалауға арналған сүзгі элементтерінің болмауынан деп түсіндіреді. Сондай-ақ бүгінгі күні Ғаббасов қазандығында гильзалық сүзгілердің аккумуляторлық циклондарын ауыстыру мәселесі шешіліп жатқанын хабарлаймыз. Түтінді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді", – делінген жылумен жабдықтау ұйымының ресми хабарламасында.
Бұған дейін қала депутаттары қазандықтарды аралағанда циклондық сүзгілердің алдағы жылу маусымына дайын екенін айтқан болатын.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"