Семейде түнде көлік апатынан 5 жолаушы қаза тапты
Семейде түнде «Рено-Сандеро» маркалы көлік жолдан төмен түсе бере, аударылып кетіп, алдын ала ақпарат бойынша, апат салдарынан 5 адам қаза тапты. Тағы біреуі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Сурет ҚазАқпарат
«Жүргізуші рульді басқара алмай, жолдан шығып кеткен, – деп түсіндірді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. Апат кешкі 21 және 22 сағаттар аралығында Гагарин-Шугаев көшелерінің қиылысында орын алған.
Апат фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Сот алды тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
"Таза қазақша сөйлегім келеді": Парижде тұратын француз қызы қазақ тілін үйреніп, мәдениетін дәріптеп жүр
Элиз әлеуметтік желі арқылы қазақ тілін үйреніп алған
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған