Семейде подъезде ер адам балаларға жыныс мүшесін көрсеткен
Семейде балаларға жыныс мүшесін көрсеткен ер адамның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

28 мамырда балаларға жыныс мүшесін көрсеткен ер адам Физкультурная көшесінде орналасқан үйдің подъезіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Telegram-арнасында ата-аналар күдіктіні табуды сұрайды.
Полиция күдіктінің анықталғанын айтты.
"Күдікті – Семей қаласының 42 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процестік шешім қабылданады", – делінген ШҚО ПД хабарламасында.
Ведомствода атап өткендей, қылмыстық істі тергеу барысы туралы өзге де мәліметтер ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосына түскен полицейлердің жұмыстан шығуы заңды ма
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды