Семейде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқас коронавирустан айыға бастады
Семейде коронавирус жұқтырып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқас түзеле бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сoronavirus2020.kz ресурсының мәліметі бойынша, 28 наурыздан бастап екі жақты пневмониямен емдеуде болған және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған 1959 жылы туған Семей қаласының тұрғыны енді өздігінен дем алады.
Қазір науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Сайттың мәліметтері бойынша, ер адам емді толық көлемде алады.
"COVID-19 және пневмония диагнозы расталған 1959 жылы туған пациенттің жұбайының жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады", - делінген хабарламада.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған
