Семейде мысықты өлтірген ер адам сотталды
Семейде ер адам мысықты ұрып өлтіргені үшін сотталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жағдай кіреберісте орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сот отырысында ер адам өзінің кінәсін толық мойындады.
“Судьяның шешімімен ол 90 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Сотталған ер адам қала көшелерін қоқыстан тазалайды”, – делінген хабарламада.
Абай облысы ҚАЖД Семей қаласының орталық ауданының пробация қызметі ер адамды жергілікті атқарушы органға жіберген, ол қазіргі уақытта қала көшелерін қоқыстан тазалауға кіріскен.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады