Семейде қоқыста денесін күйік шалған сәби табылды
Семейде қоқыс жәшігінен денесінің 80%-ы күйіп қалған жаңа туған сәби табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Оса Семей" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 13 қазанда болған.
"Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, іс Абай облысының прокуратурасының арнайы бақылауына алынды", – деп хабарлады облыстық прокуратура.
Хабарламада сәби 12:00 шамасында табылып, ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілгені айтылған. Алдын ала мәліметтер бойынша табылған сәби – шамамен бір күндік қыз бала.
-
Қазақстанда әйел гаражда бала босанып, сәбиін қорапқа тастап кеткен
- Ақтөбеде жаңа туған сәбилерді асырап алуға көмектесемін деп алдаған алаяқ сотталды
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда сәбиін аязда далаға тастап кеткен ата-ана жауапқа тартылмағанын жаздық. Көшеге тасталған нәресте тексерістен соң анасына қайтарылды. Сәбиді үйіне қайтып келе жатқан тұрғын тауып алған. Келесі күні полицейлер бұл әрекетті жасаған баланың ата-анасын тапты. Олар 22 жастағы бойжеткен мен 29 жастағы қарағандылық болып шықты. Кейін белгілі болғандай, ер адам үйленген екен, ал 22 жастағы қызбен қарым-қатынаста болған, салдарынан қыз жүкті болып, бала босанған. Баланың әкесі өз отбасынан кеткісі келмей, сәбиді тастап кетуді шешкен.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды