Семейде ер адам 11 жасар қызды күштеп подъезге кіргізбек болған
7 желтоқсанда Семейде ер адам кішкентай қыз баланы подъезге күштеп кіргізгісі келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Abainewkz Instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға сағат 09:00 шамасында Қарағайлы ықшамауданында болған. Бейнебақылау камераларында ер адамның қыздың қарсылығына қарамастан, оны күштеп подъезге кіргізбек болғаны түсіп қалған.
Жақын маңдағы тұрғын мұны байқап, ер адамға сұрақ қоя бастайды да, содан кейін полиция бөліміне барады. Осыдан кейін ғана ер адам қызды жіберген.
11 жасар қыз нан алуға дүкенге шыққанда, қаскөй тап беріпті. Ер адамды көршілері таныған. Учаскелік полиция инспекторы азаматтың мас болғанын және баланы қорқытқанын хабарлады.
"Қаскөй өз әрекеті үшін жауапқа тартылды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында", — делінген хабарламада.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған