Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соққыға жығып, аялдамаға тастап кеткен: Семейде көз жұмған 15 жастағы жасөсірімнің анасы әділ тергеу сұрайды

Семейде ауыр соққыдан қайтыс болған 15 жастағы студенттің туыстары тергеудің әділ жүргізіліп жатқанына күмәнмен қарайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скрин

Марқұм жасөсірім Мейрамбек Қанаттың ата-анасы күдіктілердің барлығы қамалмай, бостандықта тайраңдап жүргенін айтып, шағымданды.

Мейрамбектің анасы Әсем Байғамитованың айтуынша, қайғылы оқиға 2024 жылдың 5 қазан күні болған. Әйелдің айтуынша, кешке қарай көшеге шығып кеткен 15 жастағы ұлын үш жігіт соққыға жығып, аялдамаға тастап кеткен. Ауыр жарақат алған Мейрамбек Қанат оқиға орнында көз жұмған.

"Сағат 11-12-ге таман есікті қағады біреу. Есік қаққан кезде қызыма айтамын есікті ашшы, Мейрамбек келді ма деп. Сосын мама сізді біреу шақырады дейді. Есікті ашсам көрші бала Амир деген өзімен бірге жүретін балалар ғой деймін бәрі достар. Мейрамбек осылай аялдама құлап қалды, жедел жәрдем қасында тұр деді”, – дейді марқұмның анасы Әсем Байғамитова.


 

Қарағандыда төрт жолаушы InDrive такси жүргізушісін соққыға жыққан


Аялдамаға алып-ұшып жеткенімен бәрі кеш еді. Жоламан ықшамауданында болған қайғылы оқиғадан кейін денсаулыққа абайсызда зиян келтіру дерегімен іс қозғалып, бір күдікті қамауға алынған. Бірақ марқұмның туыстары бапты ауыстырып, кінәлілердің барлығы жазалансын деп отыр.

"Мен әділ жаза беруін сұраймын. Үшеуі де әділ жазасын алса деймін. Ұрған үш бала да. 106-107 бапты беріп отыр абайсызда деп бұл баппен келіспеймін. Өйткені менің ұлымды көкала қойдай ұрып-соғып, аялдамаға тастап кеткен. 99-бапты сұраймын. Әділ шешім болуын талап етемін”, –  дейді марқұмның анасы.

Мейрамбек Қанат тоғызыншы сыныпты бітіріп, Семей көпсалалы колледжінің дене шынықтыру мамандығы бойынша оқуға түскен екен. Үйдің тұңғышы өте сабырлы, ешкіммен қақ-соғы болмаған еді дейді туыстары.

Еске салсақ, осыған дейін Павлодарда пансионатта қылмыстық топ зейнеткерлерді аш қалдырып, соққыға жыққанын жазғанбыз.

Талқылау