Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Павлодарда пансионатта қылмыстық топ зейнеткерлерді аш қалдырып, соққыға жыққан

Павлодарда қарт адамдарды азаптап, алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Павлодар облыстық прокуратура полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді жүйелі түрде ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.



“Пансионат қызметкерлері 20 қарттың конституциялық құқығын өрескел бұзған (тамақтану мен жүріп-тұруын шектеп, ұрып-соққан). Сондай-ақ қайтыс болған тұрғындардың пәтерін ұзақ уақыт жалға беріп келген", – делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі өндіріс қозғалып, тергеу ішкі істер органдарына жүктелді.

Тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда ер адам өзінің қарт анасын ұрып өлтіргені туралы жазған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 14 Қаңтар, 2025 09:24
Талқылау