Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде 20 жігіт көшеде айқайлап жолды жауып бұзақылық жасамақ болды

Семей жұртын үрейлендіріп,  жаппай бұзақылық жасамақ болған 20 жігіт ұсталды. Айқайлап көшеге шыққан бір топ жігіт, тіпті  жолды жауып, көліктердің өтуіне кедергі келтірген.

144(1)

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Куәгерлер түсірген бейнежазбада бір адамның жерде жатқаны байқалады. Соған қарағанда жиырмаға жуық азамат төбелес ұйымдастырмақ болуы мүмкін деген болжам бар. Түнгі сағат он бірлер шамасында қоғамдық тәртіпті бұзғандардың басым бөлігі  мектеп оқушылары мен колледж студенттері. Құқық қорғау органдары  олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ұсталғандардың барлығы дерлік ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған. Қазір олардың неліктен мұндай әрекетке барғандығы анықталып жатыр.

“Бұлардың ішімдік ішкені болмаса, есірткі шекті ме шеккен жоқ па не болмаса қандай мақсатпен, не мақсатпен сол қоғамдық орында осылай тыныштықты бұзып, айқайлап шулап жүргенін анықтайтын боламыз”, – Семей қалалық ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Тағы да оқыңыз:

Алматы тұрғыны қоқыс полигонына айналған үйінде тышқандармен бірге өмір сүріп жатыр

Министр мешітке аяқ киімін шешіп кіруге арланған ба (фото)

Көкшетау имамы өз еркімен мешітті тазалап, қарын күрейтін ер адамға велосипед сыйлады (фото)

Оралда өзіне қол жұмсады делінген басшыны қызметкері айуандықпен өлтірген болып шықты

 

Талқылау