Семей тұрғынынан 25 келі есірткі тәркіленді
Семейде "Қарасора" жедел іздеу шарасының аясында полицейлер 38 жастағы тұрғыннан аса ірі көлемде есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Ер адам есірткі заттарын таратпақ болған. Тінту барысында үйінен 25 келі марихуана тәркіленді.
"Күдікті есірткінің ірі партиясын 335 грамнан полиэтилен пакеттерге бөлген. Әрі қарай қала жастарының арасында таратпақ болған. Қазіргі уақытта сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тергеу жүріп жатыр", – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"