Селфи жасамақ болған: Павлодар облысында жас қыз вагон үстіне шығамын деп тоққа түсті
Павлодарда 18 жастағы қыз жолаушылар пойызының төбесінде селфи жасамақ болып, күйіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"18 жастағы қыз денесінің оң жақ бөлігін термиялық күйік шалып, травматикалық шокпен ауруханаға түсті. Белгілі болғандай, ол селфи жасағысы келіп, вагон үстіне шығып кеткен", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Бұл туралы Павлодар облысы хабарлады.
Бойжеткен Жолқұдық вокзалының маңында электр энергиясынан жарақат алған.
Түркістан облысында екі жасар бүлдіршін су құбырына құлап кеткен
Дәрігерлер оған оң жақ төменгі аяқ-қолын термиялық күйік, денесінің оң жақ жартысы, оң жақ жоғарғы жағы III-IV дәрежелі яғни 50% күйік диагнозын қойды. Одан бөлек бас терісінің жартысы жараланған, II-III дәрежелі травматикалық шок алған.
Қазір зардап шеккен бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды