Сексуалды құлдықта ұстады деп айыпталған рэпер P.Diddy-дің үстінен 100-ден аса адам арызданған
120-дан астам адам P.Diddy-ды қорлау және қанау фактілері бойынша сотқа беруге ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: ТАСС / Collin Xavier
P.Diddy Нью-Йоркте сексуалдық сауда, жезөкшелікке адам тарту және рэкет ұйымдастыру деген айыптармен 17 қыркүйекте қамауға алынды. Айыптау актісінде оның кейінгі 16 жыл істеген әрекеті көрсетілген. Ол әйелдерді қанап, түрлі кештер, сексуалдық іс-шараларды ұйымдастырған дейді.
Сот істерінің басым бөлігі Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте өтеді.
P.Diddy рэкеттік сөз байласу, жыныстық сауда және жезөкшелікпен айналысу, адамдарды тасымалдау үшін кінәлі деп танылса, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол кем дегенде 15 жыл бас бостандығынан айырылады деген болжам бар.
Шілдеде бұрынғы порноактриса Адриа Инглиш рэперді адам саудасымен айналысып, зорлық-зомбылық жасады деп айыптады. 2023 жылдан бері P.Diddy бірнеше рет осыған ұқсас әрекеттер үшін айыпталған. Оның бұрынғы ғашығы, әнші Кассандра Вентура да оны сотқа берді.
Еске салсақ, бұған дейін Голливудтағы сексуалды құлдық қылмыстары әшкере болып, P.Diddy ауыр айыптармен қамауға алынған еді.