Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзгелердің мазасын алады": SCAT ерекше қажеттілігі бар баланың бортқа мінуіне рұқсат бермеген

Желілерде SCAT әуекомпаниясы сынның астында қалды, оның қызметкері аутизм диагнозы қойылған баласы бар отбасыны ұшаққа мінгізбеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 27 мамырда болған.

"Диагнозы бар бала, сондай-ақ оның ата-анасына ұшаққа отыруға рұқсат етілмеді. Рейс бірнеше рет ауыстырылды. Бала шаршады. SCAT әуекомпаниясының қызметкері бала басқа жолаушылардың мазасын алады деп, оны бортқа жібермеді. “Баланы біреуге қалдырып кетіңіз” деді", – делінген oo_moi_rebenok Instagram-парақшасында.

Соның кесірінен отбасы Түркияға ұша алмады, сондай-ақ уақыты мен ақшасын жоғалтты. Алайда оларды ең ашындырғаны – елімізде ерекше балаларға деген толеранттылықтың жоқтығы.

Бұл жағдайға әуекомпанияның баспасөз қызметі кешірім сұрап, жауап берді.

"Жолаушыларымыз осындай жағдайға тап болғанына өте өкінеміз. Әуекомпания сіздерден кешірім сұрап, басқа күндерге демалыс нұсқасын ұсынды. Қызметкерге қатысты қатаң шаралар қабылданды", – деп түсіндірді SCAT.

Талқылау