Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сайлау күні рұқсат етілмеген митингіге шақырғаны үшін төрт адам жауапкершілікке тартылды - ІІМ

Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беру аяқталса да полиция күшейтілген тәртіпте жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оян Казахстан митинг

Дереккөз Оян, Қазақстан қозғалысының парақшасы

Ақпаратқа сүйенсек, бөлім қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар, сайлау бюллетеньдері мен хаттамаларды аудандық және облыстық сайлау комиссияларына жеткізу кезінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

"Еліміздің өңірлеріндегі комиссия төрағалары заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін полиция қызметкерлерін сайлау учаскелеріне 18 рет шақырған. Бұдан бөлек заңсыз митингілерді ұйымдастыру және қатысуға шақыру әрекеттері үшін осы уақытқа дейін жинақталған құжаттар негізінде әділет органдары төрт адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, 15 тұлғаға қатысты жасалған әкімшілік хаттамалар сотқа жолданды", - делінген мәліметте.



Жауапкершілікке тартылған азаматтарға прокуратура және жергілікті атқарушы органдар тарапынан наразылық акцияларының заңсыздығы және оларды тоқтату қажеттігі туралы бірнеше рет ескертілгені айтылады.
Ішкі істер министрлігі жағдайды тұрақты деп бағалап, сайлау күні қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары жалғасып жатқанын баса айтты.

Талқылау