Кезектен тыс президент сайлауы: Дауыс беруге құқылы азаматтардың 69,31%-ы дауыс берді
Орталық сайлау комиссиясы 20:00-дегі жағдай бойынша 8 282 607 адамның бюллетень алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы мәліметке сәйкес дауыс беруге құқылы азаматтардың 69,31%-ы дауыс берген.
Аймақтар бойынша Жетісу облысы көш бастады. Мұнда азаматтардың 81,43%-ы дауыс берді. Кейінгі орында Түркістан (80.37%) және Қызылорда (80,31%) облыстары тұр. Ал Астана (48,67%) мен Алматы қалаларында (28,72%) дауыс берген тұрғындар үлесі жалпы сайлаушылардың 50%-на жетпейді.
Айта кетейік, еліміздің басым бөлігінде кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру аяқталды. Ал батыс аймақтарда Астана уақытымен 21:00-де тоқтайды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған