Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Саяси шешім": Пашинян ҰҚШҰ мүшелеріне шарт қойды

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүшелігін уақытша тоқтату саяси шешім екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТАСС

Ереван ҰҚШҰ серіктестерінен ұйымның Армениядағы жауапкершілік аймағы қай жерде екеніне жауап беруді сұрайды. Никол Пашинянның айтуынша, егер ұйым оның жауапкершілік аймағын мойындамаса, Армения ҰҚШҰ-дан шығады. Бұл туралы Армения премьер-министрі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Саяси ұстаным мен шешімдерді заңды рәсімдермен шатастырудың қажеті жоқ. Иә, біз ҰҚШҰ аясындағы қызметімізді тоқтаттық. Бұл ұйымда біздің өкіліміздің жоқтығын, отырыстарға қатыспайтынымызды білдіреді", – деді Никол Пашинян.

Оның айтуынша, Ереван ҰҚШҰ серіктестерінен ұйымның Армениядағы жауапкершілік аймағы қай жерде екеніне жауап беруді сұрайды.

Никол Пашинян егер ұйым өз міндеттемелерін орындамаса және оның жауапкершілік аймағын мойындамаса Арменияның ҰҚШҰ-дан шығатынын айтты.

Еске салсақ, бұған дейін ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Арменияның ұйымнан шығуына қатысты пікір білдіргені туралы жазған едік. 

Талқылау