"Бұл – саяси қудалау": Адвокат Жанна Уразбахова Дина Таңсәріге іздеу жариялауға қатысты пікір білдірді
Белгілі заңгер Жанна Уразбахова "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Смайыловаға іздеу жариялау мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Жанна Уразбахова Дина Таңсәріні толығымен қолдайтынын жеткізді.
"Мен Дина Таңсәріні толығымен қолдаймын. Біз бес жылдан бері байланыстамыз. Мен бұл әйелдің істеп жүрген жұмысының барлығын қолдаймын. Дина – балалар мен әйелдерге көп жақсылық жасаған әйел. Бұл – саяси қудалау”, – деді Жанна Уразбахова.
Ол Дина Таңсәріге керісінше алғыс айтылуы керектігін жеткізді.
"Дина жасап жүрген дүниелері үшін алғыс алуы керек адам. Құқық қорғау органдарының әртүрлі ақпараттарына сенбеу қажет. Олар өздерінің тарапына жасалып жатқан сынды естігісі келмейді”, –дейді адвокат.
Еске салсақ, осыған дейін полиция "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Смайыловаға іздеу жариялаған болатын.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар