Саяси белсенді Болат Атабаев ауыр халде ауруханаға жеткізілді
Елдегі саяси жағдайларға қатысты сын пікір айтып жүрген, Жаңаөзен оқиғасынан соң бірнеше ай қамауда да болған режиссер Болат Атабаев Германияның Мюнхен қаласында ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31 арнаға" сілтеме жасап.

Оның қарындасы Дана Атабаева 1 апта бұрын ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған режиссерге 2 ота жасалғанын, қазір жан сақтау бөлімінде жатқанын айтты.
Болат Атабаев Мұхтар Әбләзовтің сот шешімімен тыйым салынған Қазақстанның демократиялық таңдауы ұйымын қолдаушылардың бірі. Дегенмен, сыртқы істер министрінің орынбасары саяси көзқарасына қарамастан, режиссерге көмек қажет болған жағдайда жәрдемдесуге әзір екендіктерін мәлімдеді.
"Қолымыздағы бар нәрсені аямаймыз. Біздің Қазақстан азаматтарының бәрінде Конституцияға сәйкес, ешкімге, ешқандай дескриминацияға түспеуге кепілі бар. Сондықтан, мұндай жағдайда ол кісінің саяси көзқарастары ескерілмейді", - деді СІМ басшысының орынбасары Ержан Ашықбаев.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды