Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәуле Әбілдаханқызы: Қыдырәліге ғашық болсақ болған шығармыз, бірақ құдай сақтап әйелі болған жоқпыз

Желіде қазақстандық журналист, тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы "Қыдырәлі Болмановтың бірінші әйелі" деген қауесет тарады. Бұған қатысты Сәуле Әбілдаханқызы өз жауабын айтып, нүктесін қойды. 

"Мені Қыдырәлінің бірінші әйелі деп, кейбір "болжағыш" балгер сайтани сайттар бір жерлерімен тағы да бал ашып тастапты... Бұл әңгіменің өтірік екенін бұған дейін де бірнеше рет айтып, жазып, нүктесін қойсақ та, өсекшілерге дауа жоқ қой... қырық жыл бойы бір боқ-өсекті езіп отыра береді.

1989 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Театр және кино институтында (ол кезде АГТХИ, қазір Өнер академиясы) 1 курста Қыдырәлімен біз танысқанда ол 3 курста еді, оның Жанетта деген суретші-модельер қызы болған, жарты жылдан кейін әйелі болды.

"Прясниковқа ұқсайды" деп группадағы бір-екі қыз бала махаббатпен "ғашық" болсақ болған шығармыз, дәу құдай сақтап ешқайсымыз оның әйелі болған жоқпыз, құдайға шүкір", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы желідегі парақшасында. 

Желі қолданушыларының бірі ойдан шыққан әңгіме деп айыптаса, енді бірі қолдау білдіріп жатыр. 



"Мені "қудың, ойдан жазасың" деп отырғандардың өздері қуып отырғанымен шаруасы жоқ. Мен ойымнан жазбаймын, сол ойынан шығарып қуатындарға фактімен жауап қана жазамын. Факт - ол қашанда факт. Мені Нұрлан Өнербаевтың да, Ғалым Доскеннің де "екінші әйелі" қып қойған сол өсекші қуғынбайлар. Соған қарағанда, өздері біреудің қойнына кірмесе, өсе алмайтын байғұстар шығар", - деді журналист.

"Әпкетай, сыртыңыздан ғайбат айтқан адамдар өздеріне ор қазып , Алла алдында сіздің дәрежеңізді көтеріп жатқанын білмей өздері шығынға ұшырауда . Іріген ауыздан шіріген сөз шығады, ғайбатшыларды елемей жүйкеңізді тоздырмаңыз . Біз сізді жақсы көреміз", "Әркім өзі қандай болса өзгені солай ойлайды", "Өсекке көп ілінсеңіз, жұлдызсыз әншілер сияқты", деп жазды желідегілер. 

Талқылау