Сауль Альварес Головкинмен өтетін үшінші жекпе-жек үшін өз талабын айтты
Жұлдызды мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегі екінші орта санатта ғана өтетуі мүмкін екенін атап өтті.

Үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекке жоспарланған. Бұған дейін Альварес 7 мамырда жартылай ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы ресейлік Дмитрий Биволды жеңуі керек.
"Мен орта салмаққа қайта түспеймін. Егер біздің жекпе-жек (Головкинмен) өтетін болса, ол екінші орта дивизионда ғана болады", - деді Канело мексикалық БАҚ-қа берген сұхбатында.
Еске салайық, Головкин мен Канело арасындағы алғашқы екі жекпе-жек 2017 және 2018 жылдары орта салмақ шегінде өткен. Бірінші кездесуде тең есеп болса, реваншта төрешілердің шешімімен Альварес жеңіске жетті.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты