"55-60 мың теңге": Сауда министрі азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын айтты
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев “Обожаю“ арнасына берген сұхбатында бір айда азық-түлік алуға қанша теңге жұмсайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Обожаю” видеосынан скриншот
Министрдің отбасында алты адам тұрады. Айтуынша, олар үйге көтерме сауда арқылы көп азық-түлік пен тұрмыстық химияны сатып алады.
“Отбасымызбен аптасына көп қылып азық-түлік алып қоямыз. Сонда 55-60 мың теңге кетеді. Оның ішінде ет, сұйық май, тұрмыстық химия, т.б. бар. Аптаның ортасында кішігірім заттар да алуымыз мүмкін. Демек азық-түлікке айына шамамен 240 мың теңге кетеді”, – деді Шаққалиев.
Министрдің сөзінше, ол айна 1-1,2 миллион теңге аралығында жалақы алады.
Бұған дейін Арман Шаққалиев жаңа жыл қарсаңында азық-түлікті 24 мың теңгеге базардан сатып алғанын айтқан еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан