Сауд Арабиясында күйеуі әйелін босандырған ер адамды атып кетті
Эр-Риядта зайыбын босандырған дәрігерге оқ атқан ер адам қамауға алынды, деп жазады Gulf News. Баланың әкесі бұл процедураны әйел адамның өткізгенін талап еткен.

Сурет: inform.kz
Басылым бала дүниеге келген соң доктор Мұханнаду әл-Забнға оның атқарған жұмысы үшін алғыс білдіргісі келетінін айтқан ер адам жолыққанын хабарлайды.
Олар аурухананың бағында әңгімелесіп отырады. Артынша жаңа туылған нәрестенің әкесі киімінің астына тыққан мылтығын суырып алып, дәрігерді атқан да қылмыс орнынан ізін суытқан.
Дәрігер ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде оның денсаулығы қанағаттанарлық деп бағалануда. Шабуыл жасаған ер адам ұсталды.
Жіберіп алмаңыз:
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"