Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сатқындық жасады": Тұңғышбай Жаманқұлов шәкірті Ерлан Біләлді неге кешіре алмай жүр?

Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың өзіне сатқындық жасаған шәкірті Ерлан Біләлге деген өкпесі қара қазандай деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Аман Тасығанның “Алғашқы” деп аталатын бағдарламасына сілтеме жасап.

“Сізге сатқындық жасағандар көп. Солардың арасынан кімді кешіре алмай жүрсіз?” деген сауалға актер: “Менің үстімнен арыз жазып, қол қойғандар менің алдыма келіп кешірім сұрамаса да, “білмей қалдық” дегендер болды. Мен оған еш ренжімеймін. Сатып кеткен үлкендерді айтпай-ақ қояйын. Өзімнің шәкіртім Ерлан Біләлді кешіре алмай жүрмін. Өйткені атышулы министрдің (Арыстанбек Мұхамедиұлы) айтқанын істеп, жігіттікке жатпайтын іс қылды. Мен ит те болса ұстадың алдын кесуге болмайды деп есептеймін. Сондықтан оның сатқындығын кешіре алмаймын. Алдыма келіп кешірім сұраған жоқ. “Алдыңа келсе атаңның құнын кеш” дейді ғой. Солай болған жағдайда, қатып қалған қағида жоқ. Бірақ жүрекке сызат түсіру оңай дүние емес, жазылуы да қиын. Жүректің тыртығы мәңгі бақи сыздап тұрады.

Айта кетейік, 2017 жылы күзде ҚР Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов киноға бөлінген 79 миллион қаражаттың 69 миллионын талан-таражға салды деп сотталған болатын. Сол кезде оның шәкірті саналатын Ерлан Біләл ұстазына қолдау білдірмей, сол үшін көпшіліктің сынына да ұшырағаны көптің есінде. 

Талқылау