Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарыағашта денесі әжетханадан табылған үш жасар қыз жер қойнына тапсырылды

Сарыағашта денесі әжетханадан табылған үш жасар қыз жер қойнына тапсырылды. Бүлдіршінді бүкіл ауыл үш күн іздеген еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Асылым 16 мамыр күні таңертең үйінен шығып, із-түссіз жоғалып кеткен еді. Қыз баланың мәйіті үйінің қарама-қарсы бетіндегі әжетханадан табылды. Түнгі 22:30-дарда табылған сарыағаштық бүлдіршін жер қойнына 20 мамырда тапсырылды. Қазір бұл іске қатысты тергеп-тексеру амалдары басталды.

“Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, жоғалған кішкентай қыздың зорлық-зомбылықпен өмір белгісі жоқ денесі көрші үйдің дәретханасынан табылды. Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қыздың денесінен қандай да бір жарақаттар анықталмаған. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр”, – деді Түркістан облысының полиция департаменті.



Еске салсақ, Түркістан облысында үш күн бойы іздестірілген үш жасар қыздың денесі табылғанын хабарлаған едік.

Талқылау