Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Сары аймақ": Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қаланың "сары" аймаққа көшуіне байланысты шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жеке тұлғаларға автовокзал, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйі, жабық базар, концерт залы, театр, кинотеатр, халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО), банк, стадион сияқты адамдар көп жиналатын орындарға, ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қала ішіндегі қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде кию ұсынылады. Бұл талап 5 жасқа дейінгі балаларға мен ересектерге тамақтану кезінде жүрмейді", - деп жазылған қаулыда.

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, елорда "сары" аймақта болған кезде қала аумағында 10-нан артық аданың қатысуымен өтетін жиындарды қашықтан өткізу ұсынылады.

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, қалалық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері автовокзал, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйі, жабық базар, концерт залы, театр, кинотеатр, халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО), банк, стадион сияқты адамдар көп жиналатын орындарда бетперде режимінің сақталуын және қолды өңдеуге антисептиктерді қолданылуын қамтаамсыз етсін", – делінген қаланың бас санитарының қаулысында.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасына халық арасында коронавирустық инфекцияға қарсы екпе мен ревакцинацияны күшейту тапсырылды.

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, қалалық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері жүкті әйелдердің, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімі бар қызметкерлердің және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдардың (міндетін дистанциялық форматта орындау мүмкін емес санаттарды қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшудіқамтамасыз етсін", - деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ, аталған жауапты органдарға білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізбеу жүктеліп отыр. Ал топтардың басқа топтармен бірікпейшара өткзуіне рұқсат бар.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 21 Шілде, 2022 18:29
Талқылау