Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар ақырзаманның 4 сценарийін сипаттап берді

Сарапшылар ақырзаманның 4 сценарийін атады. Олардың пікірінше, адамзат тіршілігіне қауіп төндіретін негізгі қатерлер – індет, ядролық соғыс, табиғи апаттар мен астероидтың құлауы.

Сарапшылар ақырзаманның 4 сценарийін атады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі How Will The World End порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сарапшылар адамзат үшін қауіпті ауру ретінде туберкулезді атады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2017 жылы 10 миллион адам аталған деркет шалдығып, 2 миллионы қайтыс болған. Адам өміріне қауіпті өзге де аурулар қатарына безгек, Эбола вирусы және менингит енді. 

Жер тұрғындарына қауіп төндіретін екінші қатер – ядролық соғыс. Биылғы жылы «ақырзаманның» символикалық сағаттарының тілі «түн жарымына дейін» 2 минутқа жылжытылған.

Сарапшылар Жер үшін негізгі климаттық қатер ретінде жаһандық жылымықты атайды. Қазіргі жылыну қарқыны осы қалпында сақталса, 2 136 жылдан кейін жаһандық температура 44 градусқа жетеді. Мұнан кейін әлемдік мұхит көтеріліп, құрлықты су басады. 

Зерттеу авторлары Жердің астероидпен соқтығысуы екіталай деп санайды. Алайда қауіпті саналатын Florence астероиды құлаған жағдайда, ғаламшардың 1,2 миллиард тұрғыны мерт болуы мүмкін. 

Сарапшылар аталған тізімді түрлі 50 дереккөздегі ақпаратқа сүйеніп құрған. Онда БҰҰ статистикасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Ауруларды қадағалау және алдын алу еуропалық орталығы, НАСА мәліметтері бар. 

Талқылау