Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы Головкиннің "Канелоны" мерзімінен бұрын жеңу ықтималдығын бағалады

Бокс саласындағы британдық сарапшы Ли Кормили Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz Ақпарат агенттігі.

Маман GGG-дің қарсыласын нокаунтқа жіберуге мүмкіндігі бар деп санайды.

"Головкин төрт жыл уақытын жоғалтты. Оның алғашқы екі жылында мықты қарсылас болатын, қазір "Канело" бабында. Ол – бұл жекпе-жектің абсолютті фавориті. Ол жас әрі жылдам. Сонымен бірге жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді."

Головкин жағында оның жойқын соққысы ғана қалды. GGG-дің жалғыз мүмкіндігі – жекпе-жекте өз сәтін ұстап, "Канелоны" нокаутқа түсіре алады. Әрине, бұған сену қиын, дегенмен ықтималдығы әлі де сақталады",  –  деді Кормили.

Еске салайық, Альварес мамыр айында жеңіл салмақтағы WBA чемпионы ресейлік Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) жеңіліп қалды. Ал Головкин сәуір айында жапондық Риота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы WBA, IBF және IBO чемпиондық титулдарын біріктірген болатын.

"GGG" - "Канело" трилогиясы Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. Біріншісі (2017) даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншісінде (2018) мексикалық жеңіске жетті. Бұл жолы мекликалық боксшының белбеулері сарапқа салынбақ. 

Бұған дейін Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек қашан өтетіні туралы жазған едік.

 

Талқылау