Саран тұрғындары он күннен бері жағымсыз иіске уланып отыр
Саран тұрғындары тоғыз күннен бері қала орталығындағы жағымсыз иіске шағымданып отыр. Екі көшені тұтас кәріз суы басқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Саран қаласындағы екі көшенің тұрғындары үшін коммуналдық қызметтегі апат үлкен мәселеге айналды. Қаланың дәл ортасындағы көпқабатты үйлердің жертөлелері мен төменгі қабаттарын нәжіс суы басқан. Он күннен бері кәріз суы төгіліп жатыр.
"Жұмыстан келе, подъезге кірсем, көзім ашиды. Пәтеріме кірсем де, сол иіс. Менің пәтерім бұрышта орналасқан, төменнен су тамшылап тұр. Түнде терезені ашып ұйықтауға тура келеді", – деді Саран қаласының тұрғыны Ольга Синенко.
Тұрғындар әкіммен және коммуналдық қызметкерлермен бірге бірнеше сағат жүргенімен, мамандар бөгеттің орнын таба алмады. Тіпті Абайдан көмекке шақырды. Нәтижесінде магистральдық құбырдағы бітелуді таптық. Коммуналдық сала қызметкерлері тұрғындардың өздерін кінәлі санайды.
"Құбырдан шүберек, майлықтар, сөмкелер, жеке гигиена құралдарын шығардық. Кірпіш, тіпті үлкен "Салют" велосипедінің жұлдызшасын да алып шықтық", – дейді "Саранкоммунсервис" компаниясының директоры Александр Федоров.
Саран қаласындағы кәріз желілері ескі, бірақ коммуналдық кәсіпорын директорының айтуынша, қазір билік қайта құру жобаларын әзірлеп жатыр. Жертөлелерден су шығарылған соң залалсыздандыру жүргізіледі.