Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев: Тәртіпсіздікке жол бергендер заң бойынша жауап береді

ҚР премьер-министрінің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдардың тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сапарбаев

ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында Сортөбе, Масанчи, Ауқатты және Қаракемер ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесулерге сонымен қатар парламент сенатының вице-спикері Бектас Бекназаров, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, парламент мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл қатысты. 

«Құқыққа қайшы әрекет жасамағандар босатылатын болады. Тәртіпсіздікке қатысқандардың барлығы заң бойынша жауап береді. Қазір тергеу оперативтік тобы жұмыс істеп жатыр, ол барлық жағдайды анықтайтын болады», - деді вице-премьер.

Ауылдық тұрғындарымен кездесуде үкімет комиссиясының мүшелері құқықтық тәртіпті сақтау, келтірілген залалды қалпына келтіру, болған оқиғаның жай-жапсарын объективті анықтау, бірлік пен татулықты сақтау бойынша бұдан кейінгі шаралар, болашақта мұндай кикілжіңдерге жол бермеу шараларын қабылдау мәселелерін талқылады. 

кездесу

Сонымен қатар жергілікті тұрғындарды ұсталған азаматтардың тағдыры қызықтырды. 

«ҚР заңдары бар, құқық қорғау органдары бар - мұны басты назарға алу керек. Не болғанына объективті сараптау жасап, не болғанын, кім кінәлі екенін анықтау керек. Біз өз бетімен жазалауға жол бермеуіміз керек. Бастысы - қоғамда бейбітшілікті, бірлік пен келісімді сақтау», - деді ауыл тұрғындарының бірі.

Үкімет комиссиясы Қордай ауданында жұмысын жалғастыруда. 

Талқылау