"Саналы ғұмырын отандық телевизияның дамуына арнады": Назарбаев Бейсен Құранбектің отбасына көңіл айтты
Қазақстанның тұңғыш президенті, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ол саналы ғұмырын отандық телевизияның дамуына арнады. Өз ісінің кәсіпқой маманы ретінде ұлттық ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосып, туған еліне адал қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды. Талай тың әлеуметтік бағдарламалардың дүниеге келуіне септігін тигізді.
Оның өнегелі өмірі мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін", - делінген елбасы жолдаған жеделхатта.
Бейсен Құранбек көз жұмды - Stan.kz ұжымы да танымал журналистің отбасына көңіл айтады.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі