Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Samsung пен Google смартфондары iPhone-ға қарағанда ұзаққа жарайтын болып шықты

Apple компаниясы iPhone 15-тің жүйесін сатқаннан бастап кемінде бес жыл бойы жаңартып отыратынын ресми түрде мәлімдеді. Дегенмен бұл Android өндірушілерінікінен аз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Android Authority-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Іtc.ua

Бұған дейін Apple компаниясы өз смартфондарын қанша уақыт қолдайтынын айтпаған. Енді компания құрылғыларын ең кемі бес жыл жаңартып, қолдап отыратынын мәлімдеді. Бірақ бұл басқа компаниялардікіне қарағанда қысқа мерзім. Мысалы, Samsung және Google кейінгі гаджеттеріне кемінде жеті жыл қауіпсіздік патчтарын береді және Android-тың жаңа жүйесін қосып отырады. 

Дегенмен бұған дейін iPhone кейбір өнімін алты және одан көп жылдан соң да жаңартқан. Сол себепті компания қысқа мерзімге қарамай, қолдауын жалғастыруы мүмкін.

Бұл шешім Ұлыбританияда интернетке қосылған құрылғыларды өндіретін, импорттайтын немесе тарататын компаниялардан белгілі бір қауіпсіздік талаптарын орындауды талап ететін Ұлыбританияның өнім қауіпсіздігі және телекоммуникация инфрақұрылымы (PSTI) заңының күшіне енгеніне байланысты қабылданды. 

Талқылау