Самат Смақовтың ұлы түркиялық "Бешикташ" футбол клубымен келісімшартқа қол қойды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-футболшысы Самат Смақовтың ұлы Аламгир түркиялық “Бешикташ” футбол клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: коллаж kff.kz
16 жастағы Аламгир Смақов Ыстамбұлдың “Бешикташ” футбол клубының жастар командасында бір жылдан бері жаттығады. Алайда келісімшарт болмағандықтан, футболшы ресми ойындарға қатыса алмады.
Ақпан айының басында Аламгир “Бешикташ” футбол клубымен келісімшартқа қол қойды. Алдағы уақытта қазақстандық жас футболшы ыстамбұлдық клубтың сапында ресми матчтарға қатыса алады.
Айта кетейік, “Бешикташ” футбол клубының негізгі командасында тағы бір қазақстандық футболшы, ұлттық құраманың ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов ойнайды.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген

