Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салық қызметкері қазақстандықтарды декларация тапсыруға шақырып, олардың атына несие рәсімдеген

Қосшыда салық қызметкері интернет алаяқтықпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: dzen.ru

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, салық қызметкері декларация тапсырамын деген желеумен қарапайым азаматтарды кездесуге шақырған. Сол сәтте олардың жеке деректері мен биометриялық деректерін телефон камерасына (тұлғаны сәйкестендіру) түсіріп, олардың атынан онлайн шағын несие рәсімдеп, ақшаны өз шотына аударған.



Прокуратура салық органының қызметкері жасаған бес интернет алаяқтық фактісін ашты. Алаяққа қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпаратты мұқият тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржы операциясын жүзеге асыру туралы ұсыныстарына сыни көзқараспен қарауға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін салық қызметкерлері азаматтарды тексеруге не себеп болуы мүмкін екенін айтқаны туралы жазған едік. 

Талқылау