Салған ақшаларын бірнеше есе етіп қайтаратынын айтқан: Шымкентте алаяқ жеті адамды ғаламтор арқылы алдап кеткен
Шымкентте бірнеше адамды сан соқтырған алаяқ ұсталды. Ол тұрғындарға салған ақшасын бірнеше есе көбейтіп беруге уәде берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Шымкентте аудандық полиция басқармасына 7 адам шағым түсірген. Олардың арыздары Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелген.
Зардап шеккендер әлеуметтік желіде жарнама көрген соң, барлығы мессенджердегі чатқа тіркелген. Чатты ашқан азамат тұрғындарға салған ақшасын бірнеше есе етіп қайтаруға уәде берген. Ол адамдарды букмекерлік кеңседе жеңілмей ақша табудың жолын білемін деп сендірген. Сөзін дәлелдеу үшін ұтыстарының суретін, чектерді жіберген. Осылайша 2,5 миллион теңгені қолды еткен.
Күдіктінің жеке тұлғасын анықтау үшін полицейлер жедел шара қабылдаған. Жауап алынып, ақша аударымдарын тексерген. Нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталды. Қазір қамауда отыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"