Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиевке Мұхаммед пайғамбардың көрпесінің қиындысын көрсеткен әйел әншіні жылатты (видео)

Өскемен тұрғыны Рамазан айының алғашқы күнінде әнші Сәкен Майғазиевке баға жетпес сыйлық жасады. Ол концертке Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың көрпесінің қиындысын алып келді. Алайда мұндай бағалы затты әншіге сыйға тартқан жоқ, тек ұстап, иіскеп көруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сәкен Майғазиевке Мұхаммед пайғамбардың көрпесінің қиындысын көрсеткен әйел әншіні жылатты (видео)

Шығыс өңірінде өткен концерт кезінде тұрғындардың бірі сахнаға шығып: “Қаншама жылдан бері сақтап келген пайғамбарымыздың көрпесінің қиқымын осы бір қасиетті сахнада Рамазан айында бір көрсетіп, алып кетейін деп алып келдім. Өзіңіз ораза ұстап жүр екенсіз”, – деді.

Мұндайды күтпеген әнші:

“Көрудің өзі бақыт. Адамзаттың асылы пайғамбарымызды түсімде көруді армандап жүрген үмметтерінің бірі едім”, – деп көзіне жас алып, сахнадан кетіп қалды.

Қатты қобалжыған Майғазиев бұл күні алған әсерімен кейіннен желіде бөлісті.

“Иә, сүйікті пайғамбарымыздың көрпешесінің қиындысын ұстап көргендегі әсерімнен әлі шыға алар емеспін. “Үмметім, үмметім” деп, ұлынан бізді биік қойған пайғамбарымызға (с.ғ.с) лайықты үммет бола алмай жүрміз-ау деген ой тыншытар емес. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қатты толқудамын. Алла тағала айлардың сұлтанында иман байлығымызды арттырғай”, – деді ол.

Тағы оқыңыз:

Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты (фото)

Бейәдеп сөздерді қалыпты санайтынын айтқан Айсәуле Бақытбектің ең жақын құрбысы хиджаб киетін болып шықты

Қазақстан жұлдыздары халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады

Ақбота Сейітмағамбет: Жеке өмірімнен хайп жасаймын деген ой болған жоқ

 

 

Талқылау