Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев балгерлік қасиеті бар екенін айтып мақтанды

“МузАрт” тобының әйгілі әншісі Сәкен Майғазиев балгерлік қасиеті бар екенін айтып, желідегілерді аң-таң қалдырды.

18382459_767007206794108_5639897186180268032_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ол жуырда өткен “Евровидение” байқауының жеңімпазы мен аты әлемге мәшһүр болған Димашты о баста-ақ жоғары бағалағанын айтып қалды.

“Негізі маған абайлап сөйлеу керек. Евровидение басталған күні Сальвадор Собрал фаворитім екенін айтқан ем. Димаш болса анау”, – деп жазды Майғазиев.

Желідегілер Майғазиевтің жазбасына бір күліп алды. Көпшілік “әншінің аузы дуалы екен” деп пікір білдіруде. Ең қызығы, желі оқырмандары Сәкен Майғазиевке әртүрлі өтініштеріп айтып, өздері үшін жақсы тілек айтуын таласа сұрап жатыр.

“Мен туралы да бірдеңе деңізші, аузыңыз дуалы сияқты ғой”, “Сізге барып тілек айтқызып алу керек екен негізі”, “Мен үшін де жақсы тілек айтып қойыңызшы”, “Аға, отбасыма бата беріп жіберіңізші онда”, “Ағасы болды, елдің атынан үлкен xалықаралық деңгейдегі жобаға қатысудың алдында сізден батаңызды алып кететін Алла қаласа”, “Маған биыл үйленесің деңізші”, “Бізге де жақсы сөздер айтып жіберіңіз”, “Маған да пәтер алып жатыр деп айта салыңызшы”, – деп өтінді оқырмандар.

Жіберіп алмаңыз:

Жігер Ауыпбаев Ыстанбұлда түсірген бейнебаянын халыққа ұсынды (видео)

Болат Әбділманов әскерге өз еркімен сұранған Әшімовтің жалғыз ұлы туралы айтты

Қарақат Әбілдина бесінші баласын өмірге әкелді

Рано Омарова тұңғышының тұсаукесер тойын жасады (фото)

Талқылау