Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды
Фото: ҰОК
Дубайда IBA ұйымдастыруымен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Сәкен Бибосынов 54 келіде ел намысын қорғауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол ширек финалда замбиялық Мвенго Мвалені айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Енді кем деген де қоржынымызда қола жүлде бар. Бұдан өзге 58 келіде Теміртас Жүсіпов, ал 75 келіде Сабыржан Аққалықов та жартылай финалға өтті.
Алайда 92 келіде Нұрлан Сапарбай ширек финалда сүрінді. Ол армениялық Давит Чалояннан жеңіліп қалды. Осылайша Қазақстан сапынан екінші боксшы ширек финалдан әрі аса алмады. Бұған дейін Серік Теміржанов тәжікстандық Акмал Убайдовпен нокдаун арқылы жеңілген еді.
Айта кетейік, дүбірлі дода 12 желтоқсан аяқталады. Дүниежүзі көз тіккен сынға 118 елден боксшылар қатысуда. Жарыстың жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.
"Таза қазақша сөйлегім келеді": Парижде тұратын француз қызы қазақ тілін үйреніп, мәдениетін дәріптеп жүр
Элиз әлеуметтік желі арқылы қазақ тілін үйреніп алған
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған

