Сирек кездесетін құбылыс: Сахараға қар жауды
Сахарада ауа температурасы төмендеп, қар жауды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail басылымына сілтеме жасап.

Алжирдің "Шөл қақпасы" атанған Айн-Сефра қаласында қар жауды. Фотографтар түсірген сирек құбылыс. Сахара шөлі – Африка материгінің солтүстігінде орналасқан және ең үлкен ыстық шөл. Түнде Алжир қаласындағы сынап бағанасы -2C (28F) дейін төмендеген.
Сахара шөліне қар жауып, түнде ауа температурасы төмендеп, таңғажайып пейзаждар пайда болды. Дүние жүзіндегі ең үлкен ыстық шөлде 58С +10 температура тіркелген ерекше құбылыста құм төбесін мұз басып қалды.
Бұл аймаққа 1979, 2016, 2018 және 2021 жылдары қар жауған. Соңғы 42 жылда Сахараға бесінші рет қар жауып отыр.
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”