Сағынтаев АӘК туралы: Жәрдемақы алып келгендердің ішінде кәсіпкерлер де бар
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеу барысындағы бұзушылықтар туралы айтты. Қала басшысының сөзінше, жәрдемақы алғандардың ішінде кәсіпкерлер де бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Сағынтаев бүгінде 1 350 көпбалалы отбасы мен анаға атаулы әлеуметтік көмек берудің тоқтатылғанын атап өтті.
«Өз табысын жасырған көптеген отбасыны анықтадық. Жеке кәсіпкерлікпен айналысып, табысын жасырған отбасылар да көп. Қалада уақытша тіркеліп, алайда балаларын ата-әжесіне қалдырған отбасылар да бар. Олар басқа облыстардағы мектептерге барады», - дейді Бақытжан Сағынтаев.
Қала әкімінің мәліметінше, осылайша, ай сайын 83 млн теңге бұрыс әрі заңсыз төленіп келгені анықталған.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"