Садақ атудан Қазақстан құрамасы соңғы лицензиялық турнирге қатысады
Садақ атудан Қазақстан құрамасы Түркияның Анталья қаласында өтетін соңғы лицензиялық турнирде сынға түсіп, жолдамаға таласады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркияның Анталья қаласында садақ атудан олимпиадаға жолдама беретін ең соңғы іріктеу бәсекесі өтеді. 13-17 маусым аралығына жоспарланған байрақты бәсекеге Қазақстан әйелдер құрамасының үш спортшысы қатысады. Атап айтсақ, Алина Ілиясова, Диана Тұрсынбек және Елизавета Авдеева Париж олимпиадасының жолдамасына ие болу үшін өз мүмкіндіктерін сынап көреді. Спортшылар турнир барысында 14 жолдамаға таласады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасында Париж олимпиадасының алпыс жеті жолдамасы бар. Жақында ғана нысана көздеуден Ирина Юнусметова олимпиада ойындарының лицензиясына ие болды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

