Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатыгез, тік мінезді едім": Сабина Алтынбекова тұрмысқа шыққаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шыққан соң жолдасымен бірге бал айына аттанды. Ерлі-зайыпты Мальдив аралдарына сапар шекті. Спортшы қыз желіде демалыс уақытынан үзінділер жариялап жатыр.

Сабина Алтынбекованың айтуынша, жолдасы екеуі аяқ астынан демалысқа аттанған. Енді кереметтей кештерді бірге өткізіп жатыр. Спортшы қыз желіде көңіл-күйіне ерік беріп, сезімін білдірді. Жолдасына алғысын айтып, оның жанында өзін бақытты сезінетінін жеткізді.

"Некеге дейін мен мүлдем өзгеше болдым: ашуланшақ, тіпті кейде қатыгез, тік мінезді едім. Менің өмірім алаңсыз және қиындықсыз өтті деп айтпаймын, бірақ мен ешқашан шағымданған жоқпын. Егер өмірдің барлық осы сәттері болмаса, мен өзімнің қаншалықты мықты екенімді білмес едім.

Некеден кейін мен басқа қырымнан ашылдым, жұмсақ, сабырлы, сезімтал болдым. Мен келін болып түскенімде Саят маған "сен демалуың керек, енді мен бармын" деді.

Уақыт өте келе менің жақындарым менің қатты өзгергенімді байқай бастады, мен өзгерген жоқпын, мен жаңа қырымнан ашылдым, бұл Саяттың арқасында. Әр қыздың мен сезінген әйелдік сезімді сезінуін қалаймын.

Құрметті қыздар, өз өміріңізді құртпаңыздар, қажетсіз адамдармен бірге болуға мүмкіндік бермеу үшін өзіңізді күтіңіз, сүйіңіз және құрметтеңіз. Уақытыңызды жоғалтпаңыз, өзіңізге қамқорлық жасаңыз, өзіңізді дамытыңыз және сізді ханшайымға айналдыратын адамның өзі сіздің өміріңізге енеді", - деп жазды Алтынбекова. 

Спортшы қыз демалыс сәтінен фото мен видеолар жүктеп, көпшілікті қызықтырып қойды. 

Желі қолданушылары сәттілік тілеп, жақсы тілектерін арнады. 

"Әрдайым керемет әрі ерекше", "Уақыттарыңыз жақсы өтсін", "Жарасымды жұпсыздар", "Жақсы демалыс болсын", "Өте жарасымды жұп, бақытты болсын", "МашАллаһ, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу", деп жазды олар. 

Талқылау